key
ҚР Оқу-ағарту министрінің шақыруымен ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елордалық білім беру ұйымдарының директорларымен кездесті.
Ғани Бейсембаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылдан бастап бірінші рет 1,7 млн оқушылар үшін мектептерде тегін тамақтандыру ұйымдастырылды. Бұған дейін Министрлік білім беру ұйымдарындағы балалардың тамақтану стандарттарын қайта қарау бойынша жұмыс жүргізген болатын. Ас мәзірін өңірлерде өндірілген отандық өнімдерді пайдалана отырып әзірлеу туралы норма енгізілді. Сонымен қатар, өңірлерде бракераждық комиссиялар құрылды, олардың құрамына ата-аналар, қоғам белсенділері, сондай-ақ мектеп әкімшілігі мен медицина қызметкерлері ене алады. Бракераждық комиссиялардың мониторингтік топтарының қызмет тәртібі туралы заңнамалық нормалар белгіленді.