Мақсаты:
Робототехника құрал-жабдықтар көмегімен пайдалы дағдылар мен ғылыми-техникалық бағыттағы креативті шығармашылық ойлауды, сонымен қатар стандартты емес шешімдерді табу үшін ынталандыру және мотивациялық потенциалды жеке тұлғаны қалыптастыру Міндеттері:
Оқушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Өз бетінше бағдарлама компоненттерін қолдануға және оның мазмұны арқылы өз білімдерін жақсарту.
Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын арттыру
Мәселені тапқырлықпен шешу дағдыларын қалыптастыру
Оқушылардың ғылыми логикасы мен ғылыми базасын дамыту
Оқушылардың дайыдығына қойлатын талаптар:
Жеке және топтық жұмыстарды ұйымдастыру
Топтасып жобалауға, мақсаттар қоюға, болжам жасап, оны дәлелдеуге, қажетті ақпаратты іздеуге, тәжірибелер жасап, атқарылған жұмыс нәтижелерін ұсынуға, талдау жасауға және жасаған жұмысын бағалау
Жобаны шығармашылықпен қорғау
Диалог құруда/жазуда қажетті сөздік қорды пайдалануы үшін жүйелі тілдік қолдану
Кәсіпке бағдарлау:
жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология мамандықтарына негізделген. Үйірмені ұйымдастыру формасы: дәріс,ойын, роботты құрастыру мен бағдарлама жазып шығуға, есептер шығару, топтық және жұптық жобалар жасау, жарыстар,топтық, зерттеушілік және эксперименталды жұмыстарды жасау Үйірме оқытуды аяқтау формасы:
Роботтарды жинастыру, модельдеу және құрастыру
Роботтардың таныстырылымы және сайысы.
Жеңімпаздарды анықтау. Күтілетін нәтиже:
Түрлі мақсаттағы міндеттерді жүзеге асыру үшін роботтарды жобалау
Қарапайым роботтарды басқару
LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 және LEGO® Digital Designer бағдарламаларында жұмыс жасай алу
Шығармашылықпен жұмыс жасай білу
Құрастыру, модельдеу және бағдарламалау дағдыларын пайдалану адамның түрлі салалардағы қызметін жеңілдету және жақсартуға қажетті құрал-жабдықтар жасауға және тың ойларды пайдалану
Құрастырғыштың ұсақ бөлшектерін қолдану арқылы балалардың саусактарының ұсақ қимылдарын дамыту