Текст
key
2024-2025 жаңа оқу жылында 345 мың бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп партасына отырады. Олар үшін 1 қыркүйекте «Мектебім — мейірім мекені» тақырыбында салтанатты шара өтеді.
«2 қыркүйекте — жаңа оқу жылының бірінші күні — „Менің Отаным — Қазақстан“ тақырыбында Бірыңғай сынып сағатымен басталып, әрі қарай сабақ кестесіне сәйкес жалғасады.
Педагогтердің еңбегіне ақы төлеуге қатысты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 79-бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақытының есебін жүргізуге міндетті екенін хабарлаймыз», — деп мәлімдеді министрліктің ресми өкілі.