key
"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының мектеп-гимназиясы" КММ
КГУ «Школа-гимназия города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ» тақырыбында ата-аналар форумы

20.05.2024

Форум мақсаты - ұрпақ тәрбиесіндегі қоғам, отбасы, мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықты арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу болды.
Аталмыш шараға 300 ге жуық ата-ана, қоғам белсенділері мен педагог-психологтар, қатысты. Форум спикерлері шара мақсатына сай, отбасының бүгіні мен ертеңі туралы құнды пікір мен сүбелі ойларын айтты.
Форум спикерлері:

*Ыбырай Саят Баймұратұлы*
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері. Астана халықаралық университетінің Жоғарғы өнер мектебінің деканы,тарихшы.
🔹Тақырыбы: Ата-ананың баладағы хақысы

*Қанат Естек Ғалымжанұлы*
(Астана қаласының мәслихат депутаты, «Бақытты отбасы» кітабы және «Бозторғай» сериалының идея авторы)
🔹Тақырыбы: Бақытты отбасы

*Күзембай Бекдайыр Нығметұлы*
(Республикалық
Әкелер Одағы қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы филиалының төрағасы)
🔹Тақырыбы Әке-отбасы тірегі.

*Ахатай Баян Орынбасарқызы*
(Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары)
🔹Тақырыбы: Балалардың тәуелсіздігі: жақсы ма, жаман ба?!

*Бикситова Бибигуль Сәрсенбаевна*
( “Сенімен Болашақ” РҚБ Астана қалалық филиалының психологы, гештальт терапевт)
🔹Тақырыбы: Любить или воспитывать? (для родителей)

*Арапбай Шерхан Жұмабекұлы*
( “Сенімен Болашақ» РҚБ Астана қалалық филиал директоры, педагог-тренер)
🔹Тақырыбы Баламен салауатты коммуникацияны қалыптастырудың алгоритімдері.

*Мухтар Альбина Маратовна*
(Болат Өтемұратов Қорының жобалық менеджері)
🔹Тақырыбы Эволюция воспитания
человека XXI века

Форумда бала тәрбиесі туралы айтқан тұжырымдарын ата-аналар тапжылмай қызығушылықпен тыңдады.
Ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар берілді.

Форумның жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдірген Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Жұмкей Берген Жұмкейұлына, Қосшы қаласы білім бөлімінің басшысы Ахметов Қанат Есенбекұлына алғыс айтамыз.

Бала тәрбиесі жолында ортақ мүддеге жұмылған спикер қонақтарға және барша ұстаздар мен ата-аналар қауымына да алғысымыз шексіз!

Просмотров: 230


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст