"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының мектеп-гимназиясы" КММ
КГУ «Школа-гимназия города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"PR КЕЗДЕСУ" ЖОБАСЫНЫҢ" тұсаукесері

05.02.2024

2024 жылғы 02 ақпанда Қосшы қаласы мектеп-гимназиясында "PR КЕЗДЕСУ" ЖОБАСЫНЫҢ" тұсаукесері өтті. Жобаның алғашқы қонағы - филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті "Абай" академиясы ҒЗИ директоры Әубәкір Жандос Мағазбекұлы. Жоба тақырыбы - "Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң...". Мектебіміздің 9-10 сынып оқушылары  Жандос Мағазбекұлын тыңдап, толғандырған сұрақтарын қойды.  Жандос Мағазбекұлы Абайдың ақындық айналасы, Абай ақынның шығармаларының зерттелу тарихы, Шәкәрім Құдайбердіұлы өмір жолы, Абайдың ақын шәкірті - Көкбай Жанатайұлы хаһында оқушылармен ой бөлісті. Естір құлақ болса, құлақтың құрышын қандыратын, рухани мәні бар, ғибратты кездесу өтті. Оқушылар да тамсанып, өмірлік мол азық алды. 
Гимназияның  кітапхана қорына "Абай академиясы" атынан Жандос Мағазбекұлы  сыйлыққа  құнды кітаптар табыстады. Директорымыз Дидар Асқарқызы да қонаққа "Қосшы" энциклопедиясын табыстады.  Музыка пәнінің мұғалімі - Мұратқан Қуантқан Абайдың "Сегіз аяқ" әнімен  әуелеткен қоңыр үнімен кездесудің әдемі нүктесін қойды. Жобаны ұйымдастырған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары: Базарханова Н.Т., Зәмзебай К.С. Кітапханашыларға алғыс білдіреміз!

Просмотров: 90


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст