"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының мектеп-гимназиясы" КММ
КГУ «Школа-гимназия города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының мектеп – гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есебі.

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының мектеп – гимназиясы» мемлекеттік мекемесі. Заңды мекенжайы: Қосшы қаласы, Лесная поляна м/а құрылыс 61. «Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының мектеп – гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің, электрондық мекенжайы: kosshy_gimnaziya@mail.ru

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:

Қосшы қаласының білім беру саласында 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2023 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының мектеп – гимназиясы» мемлекеттік мекемесі  2700 қызмет көрсетті;

ХҚКО арқылы- 405, ЭҮП – 53 және көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық қарау («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.еs.iac.kz веб-порталын қоспағанда) – 458 қызмет.

Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық қарау («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.еs.iac.kz веб-порталын қоспағанда) ) - 2700 қызмет.

Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

1.Ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

2.Білім саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

2023 жылы жүргізілген сараптаманың негізінде білім саласындағы ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер: «Мектепке дейінгі балалар ұйымына жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» – 405, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» - 53, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» - 2242, «Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» - 2700.

         2. Қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушыларға қажетті барлық ақпарат Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының мектеп – гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің сайтында және ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері мен стандарттары орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен стандарттары ақпараттық стендтерде орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

 2023 жылы Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының мектеп – гимназиясы» мемлекеттік мекемесі мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының мектеп – гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің сайтында және ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде шығарылады. Мемлекеттік қызметтің стандарттары мен ережелерін бекіту мүмкіншілігі бойынша сайттың бұл бөлімі үнемі жаңартылып тұрады. Сонымен қатар ақпарат мемлекеттік органдарда баршаға көрінетін жерлерде ақпараттық стендтерде орналастырылған, жергілікті «jana BASTAU» газетінде жарияланады. Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

1) 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелері.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүргізілуде.

5. Одан әрі тиімділік және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

2024 жылы білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.

Жаңартылған күні: 28.02.2024 17:46
Құрылған күні: 28.02.2024 18:31

Текст